• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана мен Пекин 24 трансшекаралық өзеннің суын бөлу туралы келісімге келуге ниетті – Е.Ыдырысов

Астана мен Пекин 24 трансшекаралық өзеннің суын бөлу туралы келісімге келуге ниетті – Е.Ыдырысов

19 Желтоқсан, 2013 14:03
Астана мен Пекин 24 трансшекаралық өзеннің суын бөлу туралы келісімге келуге ниетті, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«СІМ биыл Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен біріге отырып көршілес елдермен трансшекаралық өзендердің суын пайдалану және қорғау туралы сараптамалық кеңес өткізді. Бұл сараптама органы осы саладағы біздің мүддемізді қорғауға және нақты жұмыс істеуге бағытталатын болады. Әсіресе Қытай бағытына көбірек мән берілмек», - деді Ыдырысов.

Айта кету керек, бұрындары ҚХР Төрағасы Қазақстанға келген сапарында су мәселесіне қатысты Қазақстанның мүддесін ескеретіні туралы нақты ұсыныстар айтқан болатын.

Ыдырысовтың айтуынша, Қытай бұл салада тек Қазақстанмен ғана белсенді қатынас құрып отыр.

«2001-2013 жылдары аралығында трансшекралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы қазақстандық-қытай біріккен комиссиясының 10 отырысы өтті. Нәтижесінде 7 екіжақты келісімдерге қол қойылды. Алдағы уақытта Астана мен Пекин екі ел арасында 24 трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мен қорғау туралы келісімге келуге ниетті», - деді СІМ басшысы.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясымен су саласы бойынша әріптестікке мән берілмек.

«Барлық мәселе бойынша семинарлар мен кеңес берулерді өткіздік. Шілде айында Атырауда қазақстандық-ресейлік компаниялардың су ресурстарын қорғау және пайдалануға арналған үшінші отырысы өтеді. Осыған орай Орал өзенін қорғау туралы келісімге қол қою жұмыстары жасалуда», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар