- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысынан 672 отбасы солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдірді
Оңтүстік Қазақстан облысынан 672 отбасы солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдірді
Солтүстік облыстарға бет бұрған отбасыларда 1 мың 8 еңбекке қабілетті жан саналса, бұл жердегі 794 адам мемлекеттік қызметте, 116 азамат ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге құлшыныс танытып, 98-і кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көруде.
«187 отбасы Солтүстік Қазақстан, 169 отбасы Шығыс Қазақстан, 161 отбасы Қостанай және 155 отбасы Павлодар облысын таңдап отыр», - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы алғанда солтүстік өңірлердегі 636 жұмыс беруші Оңтүстік Қазақстандағы ағайынға өндіріс (37%), білім беру (31%), денсаулық сақтау (21%), мемлекеттік басқару (6%), ауылшаруашылық (3,6%), құрылыс (1%) салаларынан 1785 бос жұмыс орнын ұсынды.
Барлығы жәрмеңкеге облыстың 5,7 мың тұрғыны қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, ОҚО жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда өңірдегі жоғары білімі бар білікті мамандар мен біліктілігі жоқ жұмысшылардың шамадан тыс артықшылығы 66 мың 474 адамды құрауда.
Ерікті көші-қонды ынталандыру мақсатында, ел Үкіметі оралмандарды қосқанда қоныс аударушыларды қабылдауда 7 өңірді (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан) және көштің қайнар көзі ретінде 4 өңірді (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысы) белгіледі.
2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан 146 отбасы Солтүстік Қазақстан (125 отбасы), Қостанай (18 отбасы) және Шығыс Қазақстан (3 отбасы) облысына қоныс аударды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді