• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда құқық қорғау органдарына үміткерлерді іріктеудің тәртібі өзгерді (ВИДЕО)

Қазақстанда құқық қорғау органдарына үміткерлерді іріктеудің тәртібі өзгерді (ВИДЕО)

7 Сәуір, 2017 18:43
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 28,29 қадамдары бойынша құқық қорғау органдарына қабылдау туралы нормаларды енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Құқық қорғау қызметі туралы» заңына енген толықтырулар жөнінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасының басшысы Альфия Жамкенова Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.

«Құқық қорғаушылар органдарына жүйе енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу.Сондай-ақ, полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту, кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізуді аталмыш жүйе қарастырады», - деді А.Жамкенова. 

Ол айтып өткендей, аталмыш тестілеу жүйесі бұрындары да болды, алайда қазір «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізілуде. 

«Құқық қорғау органына келмес бұрын, қызметкер міндетті тәртіпте мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте тестілеуден өтеді. Тестілеу жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты, егер олар өңірден өңірге ауысса да аталмыш тестті тапсырады. Тестілеу мемлекеттік органның өзінде өтеді», - деді А.Жамкенова. 
Сонымен қатар оның айтуынша, егер бос жұмыс орны болатын болса байқау жарияланады, ол БАҚ арқылы жария болады. Жаңа мамандар немесе ескі қызметкерлер қалаған жағдайда осы конкурсқа қатыса алады. 

«Баса айтқым келетіні, байқау жария түрде өтеді, ол үшін барлық жағдай қарастырылған. Бірінші сұхбаттасу, байқау өтеді, кейінірек департамент ішінде іріктеу жүргізіледі. Біздің есігіміз әрқашан ашық. Біз жас мамандарды жылы қабылдаймыз және бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген қызметкерлермен шектелмейміз», - деп атап өтті А.Жамкенова. 
Ол атап өткендей, департаменттегі тағы бір жаңашылдық тәлімгерлік институты жұмыс істейді. 

«Жаңа қызметкер келген жағдайда ол үздік маманның қасына қосылады. Арнайы қаулы шығарылады, соған сәйкес ол үш айлық курстан өтеді. Егер тәлімгер мен оның қарамағындағы қызметкер айтулы бір жетістіктерге жетіп жатса, тәлімгер марапатталады. Бұл үшін барлық жағдай жасалған», - деп түйді А.Жамкенова. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 28 қадамындабылай делінген: «Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту. Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу». Ал, 29-қадамда - құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу. 

Қайрат Жандыбаев 

Видео: Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар