ҚР СІМ бастапқы 20 инвестор-елді анықтады

19 Желтоқсан, 2013 13:30
ҚР СІМ экономикалық блог министрлігімен бірлесе отырып, бастапқы 20 инвестор елді анықтады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

« ҚР Президентінің Жолдауы мен 2050 Стратегиясына сәйкес сыртқы саясаттың негізгі бөліктерінің бірі экономикалық дипломатиялылық болып есептеледі.  Қазіргі таңда Қазақстан шетелдік капиталға құю ауқымы бойынша жетекші орында. 2005-2013 жылдар аралығында республика 173 млрд АҚШ долларын тартқан болатын. Соңғы бес жылдың ішінде 100 млрд доллар тартылды»,- деді Е. Ыдырысов.

Ведомство басшысы атап өткендей, елде қабылданып жатқан бағдарламалар, оның ішінде үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы өз нәтижесін беруде.

«Экономикалық блогтың министрліктерімен біріге отырып, СІМ бастапқы 20 инвестор елді анықтады. Ол елдермен жаңа технологияларды тарту бойынша тығыз қарым-қатынас орнатылды», - деді ол.

Айта кетейік, ағымдағы жылы СІМ шетел инвесторларының қатысуымен бірқатар дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. Олар шетелден жұмыс күшін тарту және шетелдік инвесторлардың құқын қорғау тақырыптарына арналды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар