- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Қазақстанда 12 млн га жерге бидай егіледі
Биыл Қазақстанда 12 млн га жерге бидай егіледі
Aғымдағы жылы АӨК субъектілерімен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджеттік несие көлемі 60 млрд. теңге. Осы қаражаттардың шеңберінде жалпы 3 млн. га егістік алқапты қамти отырып, 1500 АӨК субъектілерін қаржыландыру көзделіп отыр.
«Суды көп қажет ететін күріш пен мақта отырғызуды азайту қарастырылған. Атап айтсақ, астық бойынша 12 млн гектар алаң қамтылады», - деді А.Қажыбекова.
Осы жылы тұқымның сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа Мемлекеттік бағдарламаның аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғарғы сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында тұқым шаруашылығын қолдау механизмі жетілдірілді.
Еске сала кетейік, Қазақстанның астық өндірушілері де бюджеттік кредитті ала алады. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджеттен бөлінген 60 млрд теңгенің 22 миллиарды 1 сәуірге дейін басымдыққа ие дақылдар үшін сақталады.
«2017 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында 375 мың тонна мөлшерінде қажетті дизель отынының көлемі айқындалды, оның ішінде 254 мың тонна наурыз-сәуір айына бекітілді», - деді ол.
Наурыз-сәуір айына бекітілген баға литріне 105 теңге. Нарықтық баға литріне 131 теңге болғанда, операторлардың шығынын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін литріне 121 теңгені құрайды.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері