- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттіктері электронды еңбек биржасына тартылады
Жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттіктері электронды еңбек биржасына тартылады
Б.Нұрымбетовтың айтуынша, заң жобасында, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуі шеңберіндегі іс-қимылдарды жеңілдету мақсатында, жұмысқа мұқтаждықты орталыққа тікелей барудан тыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы да растау мүмкіндігі көрініс тапқан.
«Тағы бір жағымды жаңалық, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына жазғы демалыстардан бөлек, оқудан бос уақытта да қоғамдық жұмыстарға атсалысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Тиісті мүмкіндікке ҚР Еңбек кодексінде рұқсат етілген және жастарға қосымша пайда табуға жол ашады», - деп мәлімдеді вице-министр.
Жұмыс берушілерге артық ауыртпалық түсірмеу үшін, ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңынан жұмыс берушілердің жұмыспен қамту орталықтарына меңгерген мамандық пен біліктіліктерін көрсете отырып, кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан және өндірісішілік оқудан өткендер саны жайлы деректерді ұсыну жөніндегі бапты алып тастау ұсынылуда.
«Мысалға, бұл шараларды жұмыс берушілер өз бастамасымен және жеке қаражаты есебінен жүргізетіндіктен, оны орындамағаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде қарастырылған талаптар мен жауапкершілікті алып тастауды жөн деп шештік», - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.
Заң жобасын дайындау барысында, жекелеген жұмыспен қамту мәселелері жөнінде Австралия, Швеция, Жапония және Венгрия елдерінің тәжірибесі зерделеніп, назарға алынған.
Аталмыш құжатта 5 кодекс пен 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Заң жобасын қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді әрі мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер