• Басты
  • Жаңалықтар
  • Заң төрелігіне қолжетімділік – 100 нақты қадам басымдығының бірі - А.Шамбилов

Заң төрелігіне қолжетімділік – 100 нақты қадам басымдығының бірі - А.Шамбилов

7 Сәуір, 2017 13:48
2016 жылы Қазақстанда Еуропалық одақ тарапынан ҮЕҰ, сектораралық және үкіметаралық ұйымдарды реформалар бойынша анықтау – сот үстемдігі, «100 нақты қадам» аясында өңірлік реформаны қолдау мен демократияны қолдауға байқау жариялады. Орталық Азиядағы Penal Reform International халықаралық түрме реформасының өңірлік өкілдігі ЕО-ның сот төрелігіне қолжетімділік туралы байқауының бірінші кезеңіне қатысты. Байқаудың өтуі мен халықаралық стандартты ұйымдастыруды жоспарлау туралы Орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасы өкілдігінің өңірлік директоры Азамат Шамбилов журналистерге берген сұхбатында айтып берді.

« «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында 5 институционалдық реформаның  басым бағытының бірі заң төрелігі болып саналады. Осы орайда Қазақстанның сот билігін  қолдауды ҮЕҰ  мен мемлекеттік органдар арқылы дамытуды қарастырып отырмыз. Осы мақсатта біз сот жүйесінің ашықтығын, заң төрелігін қамтамасыз ететін 17-ші қадамға назар аударамыз», - деді А.Шамбилов.

Сондай-ақ, спикер байқауды өту кезеңдері туралы айтып өтті.

«Біз бұл байқауға қатыстық, ол бірнеше кезеңнен тұратын болған. Бұл жүйе біз үшін қиын емес, себебі Еуроодақ құжаттарымен таныспыз. Еуроодақ біз үшін өте маңызды серіктес болып табылады. Жалпы, жүйені онлайн нұсқада толтырады. Адамдар өздерінің өтінімдерін 4-5 айда толтыра алады. Ұйымда екіжылдық жұмыс тәжірибесі  болуы керек», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл шағын ұйымдардың  грант алуына мүмкіндік береді.

«Жалпы, Қазақстанда төрелікке қолжетімділік белсенді дамуда. Қазақстанның барлық өңірлерінде ювеналды соттар құрылды. Бұл кәмелетке толмаған балаларға төрелікке жол ашуды қамтамасыз етеді. Жобада темір торға тоғытылған азаматтардың   жеке санатымен  жұмыс істейтін боламыз», - деді спикер.

Бұл жобада өкілдік  сот пен ҮЕҰ  арасында өңірлік нығайту жұмысы жүзеге асырылады.

«Мен бірнеше түрмеде болдым, арбаға тоғытылған адамдар екінші қабатқа көтеріле алмай тұрған жағдайлар болады. Демек, оларды сол қабатқа орналастыру керек. Бұл қатынас шын мәнісінде дұрыс емес.Біз  осыған қатысты шараларды қабылдап жатырмыз.  Кішігірім пандус орнаттық. Әрине, әлі де жетілдірілмеген дүниелер көп. Біз оларды БҰҰ стандартына сай етіп жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

 

Барлық жаңалықтар