- Басты
- Жаңалықтар
- Бас прокуратура академиясы мен Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық орнатты
Бас прокуратура академиясы мен Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық орнатты
Сәйкес меморандумға Академия ректорының м.а. Наиль Ахметзакиров пен ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қол қойды.
«Еуразия Ұлттық университеті үш деңгейлі кадр даярлау жүйесі және ғылыми-зерттеу базасы бар Қазақстанның классикалық университеттерінің бірі. Біздер бұл университеттің маңызды серіктесіміз екенін мақтанышпен айтатын боламыз. Бүгінгі күні біздің басты міндетіміз – білім арқылы құқық қорғау органдарының имиджін арттыру. Бізге жеткілікті профессорлық-оқытушылық құрам қажет, осы мәселені шешу үшін сіздерден үлкен әдістемелік көмек күтеміз, - деп атап өтті Н. Ахметзакиров.
Кездесу кезінде Бас прокуратура Академиясы ректорының м.а. профессорлық-оқытушылық құрамды академияның негізгі құрылу және даму кезеңдерімен, «Өзгерісітер бағдарламасы» атты жаңа көлемді жобаны іске асыру жолындағы дамудың перспективалары туралы айтып өтті.
Құжат Бас Прокурор Жақып Асановтың бастамасымен әзірленген және прокуратураның сапалы өзгеруіне бағытталған. Бағдарламаның маңызды басымдылығы жаңа қалыптағы қызметкерлерді тәрбиелеу, білім базасы мен үздіксіз оқыту жүйесін, кадрларды іріктеудің жаңа әдістерін арттыру және меритократияны дамыту.
Сондай-ақ Ерлан Сыдықов бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті және еліміздің құқықтық жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға қызығушылығын білдірді.
«Университетіміздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық. Біздің бір ғана мақсатымыз бар – барлығы сапалы мамандарды даярлау үшін жасалып отыр. Сондықтан салалық ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау біз үшін өте маңызды. Прокурорлардың, басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесі студенттерге өте қажет. Сондықтан мамандарды біздің студенттермен кездесуге, шеберлік сыныптарын өткізуге шақыратын боламыз», - деді ол.
Білім беру мекемелерінің арасындағы меморандумға қол қою оқыту қызметін жетілдіруге, бірлескен білім беру және іргелі зерттеулерді өткізуге бағытталған күштерді біріктіріп отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер