• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй қолданысқа берілді

Алматы облысында «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй қолданысқа берілді

19 Желтоқсан, 2013 12:26
Қазіргі заман талаптарына сай салынған бұл тұрғын үй кешені «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша салынған, деп Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Ахметжан Есімов қоныстанушыларды жаңа пәтерлерімен құттықтап, жыл басынан бері қарай ескі үйлерді алмастыратын жаңадан 7 үйдің пайда болғанын айтты. Бұл қалада осы бағдарлама бойынша жаңа үйлер берілген үшінші аудан.

Биылғы жылдың Түрксіб ауданында «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша бес үй, қараша айында Медеу ауданында 72 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

2014 жылы қаланың қалған төрт ауданында 21 үйдің құрылысы аяқталмақ. Алматыда жалпы осы жоба бойынша 55 ескі үй бұзылып, олардың тұрғындары жалпы аумағы 27,6 мың шаршы метр болатын жаңа үйлерге көшіріледі.

Барлық жаңалықтар