Маңғыстау облысында қаптама дайындайтын цех ашылады

7 Сәуір, 2017 15:37
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына келді, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бірінші қадам басқан нысаны  2010 жылы іске қосылған Бейнеу астық терминалы болды. 16 гектар жерде астықты өңдеу және комбикорм өндіру цехтары, элекватор орналастырылған.

Терминалдың жүк айналымы жылына 2 млн.тонна. Бүгінде бұл жерде Бейнеу ауданының 146 тұрғыны жұмыс істейді. Дайын өнім Маңғыстау және Атырау облыстарына жеткізіледі, сондай-ақ, Ауғаныстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Иран елдеріне экспортталады.

Содан соң аймақ басшысы Бейнеу селосындағы су тазарту қондырғысының жұмысымен танысты.

Бұл нысан 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасына енген жобаның құны 2 млрд.-тан  астам теңге. 45 мың текше  метр көлеміндегі суға 5 резервуар, тәулігіне 12035 текше  метр еділ суын тазартатын су құятын станция салынды. Стансы үшін құрал-жабдықтардың 65 пайызы Қазақстанда, ал қалғаны Германия мен Оңтүстік Кореяда сатып алынды. 

«Бүгінде су құбырымен тазартылған ауыз су Бейнеу селосының 9442 тұрғын үйіне беріледі. Бұл халықтың 82 пайызы. Су басқа елді-мекендерге және екі массивке су таситын көлікпен тасымалданады.  Станцияда кезекпен Бейнеу ауданының 15 тұрғыны жұмыс істейді. Оның барлығы да оқудан өткен»,-деді су тазарту станциясының директоры Қашқынбай Тарғынов.

 Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданының әкімі Басшы Әзірхановқа ауданның барлық тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырын тартуға және жылыжай салуға жобалар дайындауды тапсырды.

 

Барлық жаңалықтар