- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды ауруханасы 67 млн теңгені құрайтын қондырғымен жабдықталды
Қарағанды ауруханасы 67 млн теңгені құрайтын қондырғымен жабдықталды
«Майқұдық қалалық ауруханасында тіліксіз күрделі урологиялық операциялар жасалатын болады. Несеп-жыныстық жүйедегі тасты алу, аденома, киста, нефроптоз және басқа да урологиялық аурулар емделеді. Бұл екі ультразаманауи аппаратты сатып алудың арқасында мүмкін болып отыр: Германияда шығарылған Dornier фирмасының медициналық лазерлік жүйесі және Olympus фирмасының электрохирургиялық аппараты», - делінген хабарламада.
Аппараттар лизингтік бағдарлама аясында сатып алынды. Техника үшін қаржы үш-бес жылға бөліп төленеді. Қаржы аймақтық бюджеттен түседі. Жалпы, белгіленген мерзімнің соңында 67 200 000 теңге төлеу қажет.
Қарағандылық дәрігерлерге жаңа аппараттарда жұмыс істеу бойынша ҚР Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігер-урологы, медицина ғылымдарының кандидаты Павел Шолох консультация беруде.
«Бәрі тесіктер арқылы жасалады. Бұл науқастардың тез жазылуына ықпал етеді. Мұнымен қоса, қарсы көрсетімдердің бір бөлігі жойылады. Мысалы, бұрын мұндай кесіп жасалатын оталар инсульт алғандарға, қан қысымы сырқатына немесе жүрек-қан тамырыы жүйесі ауруларына шалдыққандарға жарамайтын. Өйткені, мұндай оталар қан ұйығын тудыруы мүмкін. Енді бұл маңызды емес, өйткені жаңа жабдықпен ота жасау кезінде көп қан кетпейді. Жаңа аппаратпен Қарағандыда ота жасалды», - деді П. Шолох.
Қарағандылық мамандар да жаңа жабдықтың көмегімен ота жасауды үйренеді. Оларға медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы дәрігер-уролог Геннадий Степаненко жетекшілік етеді.
Отаны қажет ететін стационар пациенттеріне операция жаңа технологиялармен тегін жасалады. Салыстыратын болсақ, Астанада мұндай процедуралар, ҚР Президент іс басқармасы медициналық орталығында орта есеппен стационарда жатуды есептемегенде 265 000 теңгені құрайды.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды