- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет ҚР аумағын ұйымдастыру Бас схемасының негізгі ережелерін мақұлдады
Үкімет ҚР аумағын ұйымдастыру Бас схемасының негізгі ережелерін мақұлдады
«Бас схема – бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі аумақты дамыту стратегиясын анықтайтын негізгі қала құрылыс құжаты болып табылады. Әзірлеу барысында ол қала құрылысы жобасы шеңберінен асып, ел дамуының экономикалық және аумақтық жопарлауын қамтып отыр», - деді өңірлік дамудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, Бас схеманы жасауға Қазақстанның, қиыр және таяу шетелдік қала құрылысы, экономикалық және IT-бейінді жетекші ғылыми-зерттеу және жобалық институттары қатысты.
«Индустриалды дамудың жаңа кезеңдеріне шығу мүмкіндіктері зерттелді, соған сәйкес 2030 жылға қарай дамудың төмен индустриалды кезеңінде өңірлер қалмауы тиіс», - деп атап өтті Қ.Өскенбаев.
Бұдан өзге, минералды-шикізат, энергетикалық және су ресурстарының қоры, еңбек ресурстары мен материалды-техникалық базасының қазіргі жағдайы бойынша өңірлердің және экономика салаларының ресурстық мүмкіндіктері қарастырылды.
Сондай-ақ, құжатпен аграрлық сектордың, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдардың проблемалары мен әлеуетті мүмкіндіктері қаралған.
«Біз түрлі туристік өнімдерді қосқанда кешенді курорттық-рекреациялық өңірлерді құру арқылы көлік желісін, курорттық және туристік орталықтарды дамыту бойынша шешімдерді ұсындық», - деп толықтырды ӨДМ басшысының орынбасары.
Айта кету керек, экологиялық мәселелерді шешу үшін республика аумағының табиғи-экологиялық қаңқасы жасалған, сонымен қатар халықты қоныстандыру мәселелерін шешуде жаңа стратегиялық бағыттар белгіленді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері