Премьер-Министр Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

7 Сәуір, 2017 09:42
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген 2017 - 2022 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі ҚР Ұлттық стратегия жобасы қаралды. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды. Компания Қазақстан Үкіметінің атынан трансұлттық компаниялар және ірі инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде жұмыс атқарады. Компанияның басқарма төрағасы ретінде Мақсат Қабашов тағайындалды. 

Барлық жаңалықтар