- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Израиль ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық бойынша Жол картасына қол қойды
Қазақстан мен Израиль ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық бойынша Жол картасына қол қойды
Делегация құрамында мемлекеттік орган, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы және «ҚазақстанИнжиниринг», «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компанияларының өкілдері бар.
Жұмыс сапарының басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АӨК-ке шетелден инвестиция тарту бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу.
А.Мырзахметов Израиль Мемлекетінің ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрі, Кнессеттегі «Еврей үйі» партиясының депутаты Ури Ариэлмен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы келісімге сәйкес 2017-2018 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасу бойынша Жол картасына қол қойды.
Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында коммерциялық негіздегі демонстрациялық фермалар құру бойынша Декларацияға қол қойылып, олардың кешенінде ауыл шаруашылығының әр алуан бағыттары бойынша технологияларды таныстыру талқыланады.
Сондай-ақ, делегация мүшелері ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен айналысатын «Volcani center» ғылыми-зерттеу институтына барды. Мұнда біріккен зерттеулер мен жас мамандарды даярлау мәселелері қаралды.
Израиль – балғын өнімдерді сыртқа шығаратын ірі экспорттаушылардың бірі және ауыл шаруашылығы саласы бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады.
Инвестиция тарту және отандық өнімдерді экспорттау үшін «дөңгелек үстел» форматында израильдік агробизнес өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарда бар.
Тағы бір айта кетерлік жайт, тәжірибе алмасу үшін делегация мүшелері «Гранот» ауыл шаруашылығы кооперативі мен Су ресурстарын үнемдеу және басқару компаниясы жұмысымен танысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы