• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті мемқызметкерлердің жалақы мөлшерін сақтап қалу туралы қаулыға қол қойды

ҚР Президенті мемқызметкерлердің жалақы мөлшерін сақтап қалу туралы қаулыға қол қойды

6 Сәуір, 2017 19:28
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына қол қойды, деп хабарлады Ақорданыс ресми сайты.

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  1) осы Жарлыққа сәйкес лауазымдары және лауазымдарының санаттары өзгертілген мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етсін.

   2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Барлық жаңалықтар