- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Масдар институтының ректорын ЭКСПО-2017-ге қатысуға шақырды
Мемлекеттік хатшы Масдар институтының ректорын ЭКСПО-2017-ге қатысуға шақырды
Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Таяу Шығыстағы басты серіктесі ретінде Біріккен Араб Әмірліктерімен өзара қарым-қатынасты дамытуға баса мән беретінін атап өтті.
Г.Әбдіқалықова 2017 жылғы қазанда елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын айтты. Осы кезең ішінде бірлесіп атқарған жұмыс барысында орасан мол тәжірибе жинақталып, түрлі салада табыстарға қол жеткізілді.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту, соның ішінде Араб өңіріндегі әйелдер істері және технологиялар орталығымен (CWTAR) бірлескен конференциялар, тренингтер, семинарлар сияқты іс-шаралар өткізу мәселелерін талқылады.
Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңартылатын қуат көздері саласындағы саясатын толықтай қолдайды. Әмірліктердің «таза» энергияны ілгерілету арқылы экономикалық дамуға септігін тигізу тәжірибесі жақсы үлгі бола алады. Қазақстан – таяудағы онжылдықта өз индустриялық саясатының басты құрамдас бөлігі болып саналатын «жасыл» экономиканы енгізудің белсенді жақтаушысы.
Мемлекеттік хатшы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында биылғы 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығында «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумы өтетіні туралы хабарлады. Форумда баламалы энергетика және «жасыл» экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілетудегі әйелдердің рөлі мен үлесі талқыланатын болады.
Гүлшара Әбдіқалықова доктор Бехжат әл-Юсуфті форумға қатысуға шақырды және Масдар институтының жоғары технологиялық білім беру мекемелерінің бірі ретінде «жасыл» технологияларды ілгерілетуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.
«Біз Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Зейд әл-Нахаянның көрменің ашылу салтанатына, ал Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мактумның Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық павильонының ашылуына қатысуын күтеміз», – деді кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит