- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық офицер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабында жоғары лауазымға тағайындалды
Қазақстандық офицер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабында жоғары лауазымға тағайындалды
Жаңа лауазымда әскери қызметші оқыту стандарттарына, олардың тапсырмаларды тиімді орындауы үшін барлық әскери қадағалаушылардың дайындығы мен әзірлігіне жауап береді. Оның міндеттеріне штабтағы барлық әскери оқу іс-шараларын үйлестіру, мамандарды дайындауды ұйымдастыру, негізгі, сондай-ақ, қажетті кешенді жаттығулардың басымдықтарын бағалау және анықтау кіреді. Одан басқа, қазақстандық офицер БҰҰ-ның миссиясына қатысу үшін келген әскери және азаматтық персоналдан ағылшын тілінен емтихан қабылдайды және жетекшілік етеді. Өткізілетін оқу іс-шаралардың мониторингісі мен бағалауды жүргізеді.
Подполковник Данияр Исмаилов БҰҰ-ның миссиясында 2016 жылғы 11 қарашадан бастап жүр. Бұдан бұрын ол жаңадан келген әскери қадағалаушыларды оқыту және дайындаумен, тренингтерді ұйымдастырумен айналысқан. Жаңа лауазымға миссияда өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі және кәсіби тұрғыда орындағаны, Ирактағы бітімгершілік миссияға қатысудағы тәжірибесі мен кәсібилігі үшін тағайындалды.
Қазіргі уақытта Батыс Сахарадағы (MINURSO) БҰҰ-ның миссиясында әскери қадағалаушылар ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің төрт офицері қатысып жатқанын айта кеткен жөн. Миссия қолбасшылығының айтуы бойынша олардың барлығы, сондай-ақ, БҰҰ-ның миссиясына қатысуды аяқтағандар өздерін өз істерінің шеберлері мен үлгілі әскери қызметшілер ретінде көрсетті.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды