• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат коллекторлық қызмет туралы заң жобасын толықтыру үшін Мәжіліске жіберді

Сенат коллекторлық қызмет туралы заң жобасын толықтыру үшін Мәжіліске жіберді

6 Сәуір, 2017 17:34
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы коллекторлық қызметте пайда болатын қоғамдық қарым-қатынасты реттей отыра сотқа дейінгі жазаның нақты жүйесін қамтамасыз етеді.Осы және өзге де ұсыныстарды Парламент Сенатының депутаттары аталмыш заң жобасын талқылау барысында ұсынды.

Сенат депутаты Ерболат Мұқаевтың айтуынша, заң жобасы  коллекторлық  қызмет нарығының дамуына, кредиторлар мен  борышкерлер құқығын қорғауға, коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Аталмыш заң жобасының қабылдануы борышкерлерге   коллектерлық тараптан болатын шараларға қатысты құқығын қорғайды.

Заң жобасы әлеуметтік бейімділікті ескере отырып, тікелей қызмет нормасына  ие бола отырып, қаржылық қызмет тұтынушыларының  құқығын қорғауды қарастырады.

Өз кезегінде, депутат Ольга Перепечина аталмыш  заң жобасының басты мақсаттарын атап өтті.

«Біріншіден, борышты қайтарып алу саласында тәртіп орнату көзделген, оған мемлекеттік бақылауды күшейтіп, алақол қатысушыларды шеттетіп,  қарым-қатынастың аспектілерін реттеу керек.Екіншіден,  талапты орындамағандарға жазаны күшейту қажет», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, аталмыш заң жобасы қарызгерлерді өздерін басқарудан  босатады. Ұлттық банк құқықтық емес шараларды тауып, қадағалап отыруы керек.

Жеке  және заңды тұлғалар несиенің берілуі мен оны өтемеген жағдайдағы  мүмкіндіктерге саналы түрде келуі керек.

Отырыс қорытындысы бойынша Сенат депутаты «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісіне толықтыруға жіберді.

 

 

Барлық жаңалықтар