- Басты
- Жаңалықтар
- Жас қазақстандық кәсіпкерлерге табысты болуға не кедергі?
Жас қазақстандық кәсіпкерлерге табысты болуға не кедергі?

– Өз бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкер нені білуі тиіс?
– Бірінші кезекте ол өзінің идеясын түсінуі керек, яғни нені қалайтынын және өз идеясын қалай жүзеге асыратынын, тіпті жасайтын қадамдарына дейін анықтап алуы шарт.
– Жас кәсіпкер бірінші кезекте неден сақтануы керек?
– Бірінші кезекте асықпау керек, кез-келген тәжірибеден сабақ ала білген абзал. Көптеген кәсіпкерлер кенеттен пайда болған қиындықтардан қашып кетуге тырысады. Алайда бұл қалыпты жағдай, әр кәсіпкер осындай қиындықтардан өтуі шарт, осылайша олар ысылады және қатаяды.
– Қандай қателіктерге жіті назар аударған жөн?
– Менің ойымша, бір нәрсеге қадалып қалудың қажеті жоқ, себебі дәл сол уақытта өзге дүниелер сенің назарынан тыс қалып қалуы мүмкін. Сондықтанда болашақта мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмас үшін мәселені қалай шешуге болатынына көбірек көңіл бөлген жөн.
– Жас қазақстандық кәсіпкерлерге табысты болуға не кедергі болады?
– Менің ойымша білімсіздік, яғни көптеген азаматтар бизнеспен айналысқысы келеді, алайда қалай екенін білмейді. Олардың көбі «Дамудың» және қолдау көрсету орталықтарының бар екенін де білмейді. Яғни, кәсіпкерлікті жүргізудің қарапайым қағидаларын білмеуі оларға қиындықтар туғызып жатады.
– Сіздің пайымыңызша ҚР-ның салық саясаты қиын ба?
– Жоқ. Елімізде ШОБ-тың дамып, күшеюіне барынша жағдайлар жасалған. Менің ойымша ТМД-ның барлық елдері бізге қызғанышпен қарайтын сияқты. Мен өзім ресейліктерден бізде бизнестің дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр дегенін естігенмін.
– Жастарды бизнесті жүргізуге үйрететін тренингтермен не себепті айналыса бастадыңыз? Өткізіп жүрген тренингтеріңіз тегін, сондағы мақсатыңыз не?
– Себебі, көп үйреткен сайын көбірек түсінетінімді білдім және ол шын мәнінде жұмыс істейді. Мен нашар оратор екенімді түсінгенімде, ораторлық шеберлікті үйрене бастадым. Сол кездегі менің ұстазым Эмин енді өзің елді үйрет, сонда көбірек түсіне бастайсын деді. Осылайша мен бастапқыда ораторлық шеберлікті үйрете бастадым, енді міне кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақ берем. Біреуге үйрету арқылы менде күшейіп келемін.
– Кәсіпкерлік – оны шынымен үйренуге бола ма, әлде икемің болуы керек пе?
– Оны үйренуге болады. Кез-келген азамат, тіпті 50-60 жаста болса да, ниеті болса кәсіпкер атана алады. Бастысы кәсіпкерлік өлшемдері мен заңды ұстанса болды.
– Өзіңіз ұстанатын және ешқашан бұзбайтын үш қағиданызды атап бере аласыз ба?
– Бірінші қағида – адалдық, мен өзімнің тұтынушыларыммен және жұмысшыларыммен бизнесті адал жүргіземін. Екінші қағида - ол сапа. Мен өз өнімімді барынша жетілдіруге тырысамын. Біздің мақсатымыз табысқа бату емес, тұтынушыларымыздың көңілін олардың өз қаржысы есебінен табу. Үшінші қағидам - мүмкіндік беру, мен кез келген адамға оның еңбек етуіне қауқары болса да, болмаса да мүмкіндік беремін.
– Жаңадан кәсібін бастағандарға қандай салаларға назар аударған жөн?
– Қазақстанда мүмкіндіктері көп салалар жетерлік. Мысалы, шеберхана ашуға болады. Рас, елімізде шеберханалар жетерлік, олардың өнімдері бір-біріне өт ұқсайды, кей жағдайларда тіпті ұсқынсыз. Алайда, сен нақты бір саланы зерттеп, зерделеп алуың керек, тыңшылық маркетинг керек десек те болады. Сол саладағы әріптестеріңнің кемшіліктерін ескере отырып, өзіңді жетілдірсең болады. Бірақ менің кәсібім өзгелерден жақсы болады деген жаңсақ ойдан алыс болған жөн. Себебі бір күнде бар кемшіліктерді жою әсте мүмкін емес, тіпті жоғары деңгейге жеткізудің өзі алынбайтын қамалдай қиын болады. Құрылу, өсу барысында тәуекелдер өте көп, сондықтан бәріне шынайы көзқараспен қараған абзал.
– Жас бизнесмендерге кеңес бере кетсеңіз.
– Басты кеңес- ешқашан салын суға кетпеңіздер. Ең нашар тәжірибе бізге өсуге көмектеседі. Қиындықтарға көп кездескен сайын бұғаналарыңыз қатып, күшейе түсесіздер. Мен бір жыл бойы көптеген қиындықтарды басымнан өткердім, оларды еңсере отырып тәжірибе жинақтадым, өстім. Бүгінде мен көптеген азаматтарға көмектесемін, себебі кезінде маған ақыл қосатын, кейбір жайттар туралы ескертетін жетекшім болмады. Қысқасы жақсылықтан үмітіңізді үзбеңіз, сонда ғана сенің бизнесін дамиды, тұтынушыларын көбейеді.
– Сұхбатыңызға рақмет.
Қайрат Жандыбаев
Фото ашық дереккөзден
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер

