• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР БҒМ тәрбиелеушілер мен педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсының бағдарламасын әзірлейді

ҚР БҒМ тәрбиелеушілер мен педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсының бағдарламасын әзірлейді

6 Сәуір, 2017 13:02
Биыл Білім және ғылым министрі тәрбиелеушілер мен педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсының бағдарламасын әзірлеуді бастады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту тақырыбында өткен дөңгелек үстелде белгілі болды.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева  Білім және ғылым беру  мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға дейін бірқатар шаралар нақтыланған, олар  педагогтың кәсіби өсуін ынталандыруға бағытталған.

«Республиканың мектепке дейінгі мекемелерінде 84 мың педагог істейді. Оның 97 пайызы жоғарғы және техникалық кәсіптік білімге ие. Алайда, олардың 37 пайызы ғана кәсіптік білімге ие. Қазіргі таңда 36 колледж бен 32 жоғарғы оқу орын  «Мектепке дейін білім беру»  мамандығы бойынша кадр дайындайды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, жыл сайын аталмыш мамандыққа мемлекеттік тапсырыс көлемі артуда.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы кадр тапшылығы  мектепке дейінгі педагог мамандығының  тартымсыздығына байланысты, себебі онда жауапкершілік көп те, жалақы аз», - деді Э.Суханбердиева.

Министрліктің мәліметінше, тәрбиелеушілердің  жалақысы 35,7-55,6 мың теңгені құрайды, күтушілерде  25-30 мың теңге.

«Сондай-ақ, 9540 педагогтың біліктілігін арттыру курстарын  қосымша қаржыландыру мәселесі қаралуда. 2016 жылдан бастап  7600 тәрбиелеуші  «Өрлеу» аясында біліктілікті  арттыру курсынан өтуде», - деді ол.

Биылғы жылдың наурыз айында Министрлік  мектепке дейінгі білім  беру педагогтерін  тәуелсіз сертификациялау әзірлемесі туралы байқау жариялады.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар