- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл мектепке дейінгі дайындық үшін «Әліппе» бағдарламасы енгізіледі
Биыл мектепке дейінгі дайындық үшін «Әліппе» бағдарламасы енгізіледі
« «Әліппе» әліпбиді үйрену мен жыл бойы сөзді оқытуға бағытталған. Қазіргі таңда «Әліппе» жобасы әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Қазір депутаттарға жоба таныстырылады. 2017 жылы біз республиканың барлық балабақшаларына аталмыш жүйені енгіземіз», - деді вице-министр.
Министрлік хабарлағандай, ата-аналарды үйретуге де назар аударылады.
«2016 жылдың зерттеуі көрсеткендей, ата-аналардың 40 пайызы мектепке дейінгі білім беру бойынша дұрыс ақпараттандырылмаған. Жалпы, ата-аналардың 48,7 пайызы баланы физиологиялық тұрғыда дамыту әдістерін білмейді», - деді Эльмира Суханбердиева.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту бойынша ата-аналарды ақпараттандыру үшін балабақшалар жанынан кеңес беру пункттері мен ҚР БҒМ Отбасы.kz. сайтын әзірлеген болатын.
«Сайтта ата-аналар 6 оқыту модулі бойынша ақпарат алады: денсаулық, тамақтану, қауіпсіздік, тәрбие беру және коммуникация, оқыту, ойын мен дамыту ерекшеліктері. Әрбір модуль видео, аудио және мәтіндік контентті 3 жас санаты бойынша қамтиды: ол сәби кезінен бір жылға дейін, 3 жылдан бастап, 5-6 жасқа дейін», - деді ол.
Спикер атап өткендей, мектепке дейінгі білім беру туралы ақпаратпен нормативпен танысу, өз өңіріңнен мектепке дейін білім беруді меңгеру арқылы ала алады.
«Қазіргі таңда сайттың қолданушылары тіркеліп жатыр. Сайт ресурстары тегін және ол ата-аналардың кеңестік пунктінің құралы ретінде жетілдіріледі», - деді вице-министр.
Ақбота Күзекбай
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері