- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімі Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесті
Алматы әкімі Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесті
Тараптар инвестициялық, сауда-экономикалық салалар және қаланы одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Токио мэрі Алматыда өткен дүниежүзілік қысқы Универсиаданың жоғары деңгейін ерекше атап өтті және Астанада болатын Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне табыс тіледі.
«Мен Алматыда болғанмын, қала маған ерекше ұнады, оған деген сүйспеншілігім зор. Сіздің бұл сапарыңыз өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаңа серпіліс береді деген ойдамын», - деп атап өтті Ю.Койке.
«Tokyo Seiko MFG» компаниясы басқармасының төрағасы Шигето Танакамен болған кездесуде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан «Tokyo Rope Almaty» метиз зауытын салу жөніндегі жобаның екінші кезегін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. «Tokyo Rope» компаниясының Алматыда болат өнімдерін шығарумен айналысатын алғашқы жапондық зауыты өткен жылдың қараша айында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевпен өткен телекөпір барысында Жапониядан іске қосылған еді.
Әлемдік рейтингте 10 үздік банктер қатарына енген «The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFG» басшылығымен кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыда біріккен жобаларды жүзеге асыруға ірі қаржы конглометрінің қолдайтындығына сенім білдірді.
Жол қозғалысын басқаратын Токио Орталығында болғаннан соң «Смарт сити» жобасы аясында Алматының даму Орталығы қала трафигін басқарудың осыған ұқсас орталығын құру үшін сараптамалық есептеулер жүргізеді. Өз кезегінде «Алматы Су» холдингі «YYS International Pte» компаниясымен бірге суды тазартудың коагулянтты гранул жүйесін жүзеге асырады.
Алматы делегациясы жұмыс сапары барысында сауда, инвестиция, қызмет көрсету бойынша әлемдегі ең танымал корпорациялардың бірі «Mitsui&Co.» офисінде болды, сонымен қатар «Shimizu» сейсмологиялық компаниясы зерттеу орталығының жұмысымен танысты.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері