Ақтөбеде жаңа перинаталды орталық салынады

6 Сәуір, 2017 18:06
Ақтөбеде жаңа перинаталды орталық салынатын болды. Бұл туралы Ақтөбе облысының сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығындағы баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Перинаталды орталық Қазақстан бойынша баламасы жоқ бірегей болады. Құрылысты ағымдағы жылы бастап, екі жылдың ішінде салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Жалпы 2017 жылы 6 денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарланды. Оның екеуі республикалық бюджеттен, төртеуі жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын болады. Соның ішінде, облыстық  туберкулезге қарсы диспансер құрылысын жалғастыру да қарастырылған»,-деді С.Төленбергенов.

Әлеуметтік нысандар құрылысының барысын баяндаған басқарма басшысы қазіргі таңда Ақтөбе облысында 8500 оқушыға арналған 20 мектептің салынып жатқандығын тілге тиек етті. 14 мектепті ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріп, алты мектепті 2018 жылы салып бітіру жоспарда бар.

Бұдан басқа, 2017 жылы 26 мектеп пен 25 денсаулық сақтау нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауғақаражат бөлінбек. 

Барлық жаңалықтар