- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ақтөбе облысында 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Биыл Ақтөбе облысында 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында барлық қаржы көздерінің есебінен кем дегенде 650 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе 6000 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жергілікті қаражат есебінен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігі үшін жалдамалы тұрғын үй және жергілікті атқарушы биліктің кезекте тұрған өкілдері үшін жалдамалы баспана салу жоспарлануда.
Аймақ бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұрғандар санының 130 мыңнан асатынын ескерсек, өңір үшін басым бағыттардың бірі - жеке тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады.
«Бұл үшін барлық қажетті жағдай бар. Өңірдегі құрылыс индустриясының әлеуеті әлдеқайда жоғары. Тұрғын үй құрылысы үшін, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажет негізгі материалдар мен өнімдер облыстағы кәсіпорындарда салынады. Инертті материалдар қоры да жеткілікті. 2016 жылы құрылыстың құны мен мерзімін төмендетуге мүмкіндік беретін Үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілген болатын. ҮҚК технологиялары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жеке тұрғын үй құрылысына бағытталған пилоттық жобада қолданылмақ,-деді С.Төленбергенов.
Оның айтуынша пилоттық жобаның бірінші кезеңінде «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында 423 аз қабатты несиелік тұрғын үй салынатын болады. Бұған қоса, 2018-2020 жылдары аталмыш жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 1819 аз қабатты несиелік тұрғын үй салу жоспарда бар.
Айта кетейік, аудандарда салынатын тұрғын үй құрылысының инженерлік-байланыс инфрақұрылымына 7,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл 270,4 шақырымдық электр, газ, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін салуға мүмкіндік береді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды