И.Тасмағамбетов Босния және Экваторлық Гвинеяның елшілерін қабылдады

5 Сәуір, 2017 20:43
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов екі шетел мемлекетінің елшілерін қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілінің ресми сайты.

Босния және Герцеговинаның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мустафа Муезиновичпен кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Негізгі тақырып энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды.

Тараптардың екі жақты байланыстарды белсене жүргізуге және екі мемлекеттің халықаралық аренадағы қатынастарын кеңейтуге әзір екендігі аталды.

Қазақстан Елшісі қонақты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың барысымен таныстырды, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияның өзекті аспектілерін баяндады.

Қазақстан мен Экваторлық Гвинея арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуы мәселелері Төтенше және Өкілетті Елші Хосэ Эсоно Мича Акенгамен кездесуде талқыланды. Атап айтқанда, оның Қазақстандағы өз елінің дипломатиялық өкілдігінің басшылығына келісу шаралары бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ, дипломаттар сауда-экономикалық қатынастарды белсенді жүргізу және Экваторлық Гвинеяның үкіметтік делегациясының Қазақстанға іс-сапарын ұйымдастыру аспектілерін талқылады.

Қазақстан Елшісі өз тарапынан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.

Барлық жаңалықтар