- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда халықты емханаларға тіркеу науқаны басталды
Қазақстанда халықты емханаларға тіркеу науқаны басталды
«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда сіз шын мәнінде қай мекенжайға тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Себебі, азамат бір қалада, ауданда тұрғанымен, ол сол мекенжай бойынша тіркелмеген болуы мүмкін. Осы орайда азаматқа медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындайды. Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша азаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды.
«Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне және атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді», - деді ол.
Оның айтуынша, заңға сәйкес аталмыш медициналық сақтандыру жүйесі ҚР барлық азаматтарына және шетел азаматтарына, елімізде тұрақты тұрып жатқан азаматтарға және жұмысшыларға бірдей міндетті. Қазақстанда тұрып жатқан немесе шетелде тұрып жатқан әрбір қазақстандық үшін МӘМС қорына жарна түсіп тұруы керек, қаржыны жұмыс беруші немесе азаматтың өзі төлейді.
«Жұмыс берушісі төлеп жатқан қызметкер МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы. Азаматтық құқық жауапкершілігі келісімі бойынша жұмыс істейтін және салық төлеп жатқан азаматтар МӘМС қорына жарна төлеуі тиіс», – деп атап өтті Л. Ақтаева.
Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға келетін болсақ аталмыш жүйеге енуі үшін олар ЖК немесе жұмыссыз деп тіркелуі тиіс. Сонда мемлекет жұмыссыздар үшін жарна төлейтін болады.
Белгілі болғандай 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар үшін жарнаны мемлекет төлейтін азаматтар санатына жататын халыққа медициналық қызмет МӘМС аясында көрсетілетін болады.
«Қызмет көрсетудің екі пакеті бар, олар кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемі және сақтандыру пакеті. Кепілді қызмет көлеміне жедел жәрдем, санитарлық авияция, екпе салу қызметтері кіреді», –деп толықтырды вице-министр.
Ал, қалған қызмет түрлері сақтандыру пакетіне енгізілген.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды