- Басты
- Жаңалықтар
- Астана халықаралық әуежайы жазғы кестеге көшті
Астана халықаралық әуежайы жазғы кестеге көшті
«Астана халықаралық әуежайы жазғы мезгіл жаңа ұшу кестесіне көшті, ол 2017 жылғы 28 қазанға дейін әрекет етеді», - делінген хабарламада.
Компания хабарлағандай, жазғы кесте 46 бағыт бойынша рейстерден тұрады, оның ішінде жетеуі Әуежай үшін жаңа бағыттар. Бұдан басқа, жазғы мезгілде «LOT Polish Airlines» және «Finnair» сияқты авиакомпаниялар рейстері алғаш рет жіберіледі.
Финляндия ірі авиакомпаниясы – «Finnair» маусым – қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу кезеңінде Астана – Хельсинки бағыттары бойынша ұшуды жоспарлады.
«Wizz Air» венгр лоу-кост авиатасымалдаушы Астана мен Будапешт арасында жаңа авиабағытты ашады, ол 8 маусымнан бастап, бейсенбі және жексенбі күндері аптасына екі рет орындалатын болады.
Елорда әуежайының екінші жаңа серіктесі – бұл «LOT» поляк авиакомпаниясы, ол Астананы Варшавамен 8 мамырдан бастап аптасына жоспарланған 4 рет тура рейс арқылы қосады.
«Star Alliance» – авиакомпаниялардың ең үлкен желісі құрамына кіретін «Air China» авиакомпаниясы өз рейсін ашу арқасында қолданыстағы Астана – Бейджің бағыты бойынша рейстердің жиілігін ұлғайтуды жоспарлауда.
Бұдан басқа 26 сәуірде «Уральские авиалинии» авиакомпаниясы – Москва (Раменское) жаңа бағыт бойынша Астанадан аптасына төрт рейсті орындауды бастайды.
Сондай-ақ, үш жаңа маршрут бойынша ұшу «Scat Airlines» жергілікті авиатасымалдаушымен жүзеге асады. Саяхаттаушыларға Армения астанасы Ереванға, Ресейдің оңтүстігіндегі минералды суға, сондай-ақ, Мәскеу облысында орналасқан Халықаралық Жуковск әуежайына тура ұшу мүмкіндігі беріледі.
«Air Astana» ең үлкен ұлттық авиатасымалдаушы аптасына үш рет рейстер жиілілігімен Монғолия астанасы Улан-Баторға жаңа бағыт ұсынады. Сонымен қатар ішкі және халықаралық бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайтады.
Бұдан басқа, «Atlas Global Jet» авиакомпаниясы қолданыстағы Астана-Ыстамбұл бағыты бойынша рейстерді орындайды.
Жазғы кезеңде Астана әуежайында дәстүр бойынша танымал туристік бағыттар Салоники, Бургас, Анталия бойынша туристік чартерлік бағдарламаны ашу жоспарланып жатыр.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды