- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында 50 ғимарат жеке меншікке берілді
Павлодар облысында 50 ғимарат жеке меншікке берілді
«Облыстық коммуналдық меншікте 1159 нысан бар, олардың жалпы аумағы 1,1 миллион шаршы метрді құрайды. Осы нысандардың 56-ы қаңырап тұр. Ал, олардың жалпы көлемі – 15 мың шаршы метр. Мәселен, Павлодар ауданында облыстық коммуналдық меншіктегі 82 нысан болса, олардың сегізі бос тұр. Олардың ішінде Мичурин балалар үйінің балансында тұрған екі жатын корпустары мен Красноармейка агротехникалық колледжінің балансындағы бірнеше нысан – қазандық, зертханалық кешен, гараж және басқалар бар. Новоямышево ауылында гараж бен шеберхана ғимараттары бос тұр. Олардың жағдайы да мәз емес», - деді ол.
Білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова балалар үйінің жатын корпустары тәрбиеленушілердің саны аз болғандықтан бос тұрғанын айтып, бұл мекемені жабу жоспарланғанын айтты. Балалар үйінің ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол жерде балаларға арналған сауықтыру лагері ашылады. Агротехникалық колледждің нысандарына келер болсақ, зертханалық кешенді қалпына келтіріп, мақсатты түрде қолдану көзделсе, колледждің қазандығын аудан меншігіне беру жоспарланып отыр.
«Екі жылдан кейін олар мүлдем керексіз болып қалады. Бос тұрған ғимараттарды кәсіпкерлерге берсек, олар нысандарды қалпына келтіріп, қажетіне жаратар еді. Егер, бұл нысандар мемлекетке қажетсіз болса, оларды жекешелендіруге немесе сенімгерлікпен басқаруға беру керек», - деді облыс әкімі Болат Бақауов.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды