- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысы жылына 5 млн тоннаға дейін бидай жинайды
Қостанай облысы жылына 5 млн тоннаға дейін бидай жинайды
«Біздің өңір еліміздегі ең ірі агроөндірістік аймақ болып табылады және нан себетіне бидай өңдірісі бойынша сүбелі үлес қосып келеді. Мысалы, өткен жылы біз 1 млн 170 мың тонна ұн өндірдік, оның 90% облыс аумағынан шығарылды. Бізде 80-нен астам диірмен жұмыс істеп, сапалы өнім өндіреді», – деп түсіндірді А. Мухамбетов.
Аймақтың көптеген кәсіпорындары өз өнімдерін экспортқа шығарады. Мысалы, «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасы өз өнімін бірнеше елге саудалайды.
«Бұдан басқа компания құны 20 млн доллар тұратын бисквит цехын іске қосты және қоюланған сүт шығаратын цехтын құрылысын жүргізуде. Демек әлеуеті зор», – деді әкім.
Аймақ басшысы атап өткендей, Астана әкімдігімен жасалған келісімге сай Қостанай облысы 4-тен 6 мың тоннаға дейін азық түлік өнімін елордаға тасымалдайды.
Облыста экспортқа бағытталған мақсық майын өндіретін зауыт ашу жоспарлануда.
Жалпы Қостанай облысында индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында инвестиция көлемі 125 млрд теңгені құраған 84 жоба пайдаланылуға беріліп, шамамен 5 мың жұмыс орны ашылды. Ал, екінші бесжылдықтың 17 жобасының 7-уі 9 млрд теңгеге іске қосылды.
Ақбота Кузекбай
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда