- Басты
- Жаңалықтар
- АӨК-ге 128 млрд-тан астам инвестиция тарту жоспарланған
АӨК-ге 128 млрд-тан астам инвестиция тарту жоспарланған
Вице-министр хабарлағандай, АӨК-де заманауи жоғары технологиялық өндірісті құру үшін АШМ мен СІМ арасында ҚР Агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тарту бойынша 2017-2020 жылдарға арналған бірлескен жоспары әзірленді.
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өз сөзінде дипломаттар мен халықаралық бизнес қауымдастығы өкілдеріне жаңа Мемлекеттік бағдарламның іске асырылуына белсенді қатысуға шақырды.Сонымен қатар, Қазақстанға Еуразияда «нан кәрзеңкесі» және экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру бойынша ірі өндірушілердің бірі болуға барлық мүмкіндіктің бар екендігін атап өтті.
«СІМ-нің дипломатиялық өкілдіктері арқылы біз шетелдік іскерлік орталық өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізуді жоспарлап отырмыз. Шетелдік инвесторларға инвестициялық әлеует мемлекеттік қолдау, инвестиция қажет ететін инвестициялық жобалар туралы ақпарат беріледі», - деді А.Мырзахметов.
Сондай-ақ, ИДМ-мен бірлесіп «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 55,56,60 және 61 қадамдарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол бойынша 128,2 млрд теңгенің 8 инвестициялық жобасын жүзеге асыру қарастырылған.
«Оның ішінде 2 жоба – сүт өңдеу бойынша 13,9 млрд теңге (60-қадам), 5 жоба – ет пен құс етін өңдеу бойынша 105,3 млрд теңге (61-қадам), 1 жоба – өсімдік өнімдерін өңдеу бойынша 9 млрд теңге (55-қадам)», - деді А.Мырзахметов.
Вице-премьер аграрлық салаға қосымша инвестиция тарту үшін тікелей инвестиция қорын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда Қазақстандағы ауыл шаруашылығы, астық өңдеу, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында 100 инвестициялық жоба қаралып жатыр. Аталмыш уақытқа сәйкес, қорда талқылауда екі жоба бар: Ақтөбе облысының жылыжай кешені мен Қостанай облысындағы құс фабрикасы», - деді А.Мырзахметов.
Оның айтуынша, , мемелекеттік бағдарлама бойынша отандық тауардың экспорттық әлеуетін арттыру және ішкі нарықты толықтыру қарастырылған.
2021 жылға қарай экспорт көлемін 0,8-ден 1,5 млрд. долларға арттыру қарастырылған.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады