• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин Энергетика министрлігіне электр энергиясының ақысын азайтуды ұсынды

Н.Нығматулин Энергетика министрлігіне электр энергиясының ақысын азайтуды ұсынды

5 Сәуір, 2017 15:03
Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин Энергетика министрлігіне тарифтердің бағасын төмендету туралы сауал жолдады.

Жалпы отырыста «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

«Алғашқы оқылымға ұсынылған заң жобасы 51-қадамда айтылған мәселелерді толық қамтымаған. Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) бойынша тек 27 компания ғана біріктірілген» , - деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының «100 қадам» ұлт жоспарының 51-қадамында айтылғандарды еске салды. Төраға 51-қадамға сәйкес Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) керектігін және тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтуды ұсынды.

Заң жобасы  бойынша жұмыс істеуде депутаттар  енгізген ұсыныстар электр энергиясын тапсыру  бойынша қызметке сәйкес талаптарды  сақтамау жауапкершілігін  қадағалау, тұрғын үй кешендері мен  мамандандырылған  энергия тарату ұйымдарын салатын  салушылар қарамағандағы электр жүйелерін тепе-теңдікте ұстауды қарастырады.

 

Барлық жаңалықтар