БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 млрд теңге бөлінеді

6 Сәуір, 2017 09:21
Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 млрд теңге бөлінеді, деді орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы алаңында өткен брифингте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев.

Орал қаласы аумағынан бөлінген 200 гектар жерге инженерлік желі тартып, жер кезегінде тұрған 1000 отбасына беру жоспарланған.

Б.Азбаевтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында  «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға  11 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде   тұрғын үй құрылысына  9 млрд, 14  инфрақұрылым нысанын салуға  2 млрд теңге бөлу жоспарланған.

 «Өткен жылдан бастап облыс орталығындағы апаттық жағдайдағы үйлердің орнына жаңа үйлер салу қолға алынды. Жалпы, облыс орталығында апатты жағдайдағы 43 тұрғын үй бар, оларда 1 500 адам тұрып жатыр. Деповской ауданында 48 пәтерлі, 4 апатты жағдайдағы үйлер бұзылып, орнына екі көп қабатты тұрғын үй бой көтеруде», - деді облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев.

Алғашқы үйді бірінші жартыжылдықта тапсырылады. Ағымдағы жылы осында 9 тұрғын үйді  бұзылып, орнына мемлекеттік және жеке меншік серіктестігі аясында жеке инвесторлардың есебінен көп қабатты тұрғын үйлер салынатын болады.

Құрылыс компаниялары салған көп қабатты тұрғын үй алдымен бұзылған үйдің пәтер иелеріне беріледі.

2017 жылы «Өңірлерді дамыту-2020»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ақбұлақ» бағыты бойынша  Батыс Қазақстанның  12 ауданында  6,2 млрд теңгеге  39 жоба жүзеге асырылуда. Бұл сапалы ауыз сумен  65 мың адамдық  54 ауылдық пунктті қамтамасыз етеді.

 

Барлық жаңалықтар