• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері 40 литр донорлық қан тапсырды

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері 40 литр донорлық қан тапсырды

5 Сәуір, 2017 12:09
Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің жекелеген байланыс батальонының әскери қызметшілері облыстық қан құю орталығының банкін толтыра отырып, Талдықорған қаласында еркін түрде донорлық қан тапсыруға қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ем-шара алдында әрбір донор қан тобын анықтау бойынша алдын ала зертханалық тексеруден, сондай-ақ, ықтимал қарсы көрсетілімдерді білу үшін дәрігерлермен әңгімелесуден өтті. Іріктеуден сәтті өткендерден қан алынды. Жалпы алғанда, әскери қызметшілер 40 литр донорлық қан тапсырды.

«Отан қорғаушылар ретінде біз ерекше жауапкершілікті сезінеміз және әрине, бұл қанға мұқтаж адамдарға қолұшын беруге дайынбыз және қуаныштымыз. Сондықтан үлгі-өнеге ретінде донорлықтың маңыздылығын көрсетуге тырысып жүрміз», - деп Қазақстан Әскери-әуе күштері әйелдер кеңесінің төрағасы Разгүл Қосанова атап өтті.

Донорлық–бұл ауыр дертке шалдыққан және қан құюға зәру адамдар үшін айрықша мәнге ие және адамның өмірін құтқарудағы игі іс.


 

Барлық жаңалықтар