- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-дан 220-дан астам отбасы солтүстік өңірге көшуге мүдделі
ОҚО-дан 220-дан астам отбасы солтүстік өңірге көшуге мүдделі
Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген бір топ делегация түрлі бағдарламалар аясында халықпен кездесулер өткізуде.
Онда жұмыссыздарға арналған «Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» мен мектеп бітіруші түлектер үшін «Серпін» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Делегация құрамы облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл округі әкімдері, жұмыспен қамту саласының өкілдері мен жұмыс берушілерінен тұрады.
«Солтүстік Қазақстан облысында 7 млн гектардан астам жер бар. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша ең үлкен егістік жер бізде деген сөз. Дегенмен, біздің өңір еңбек күшінен тапшылық көруде. Дәл сол себепті 300 мың тұрғыны бар Мақтаарал ауданынан жұмыс іздеген азаматтарды облысымызға тартқымыз келеді. Ол үшін арнайы бағдарламалар бар. Біздің ұсыныстарымыз ұнап, жұмыс істеу үшін солтүстікке көшетіндерге үй, жер беріліп, кәсібі, шаруашылығы әрі қарай дамуы үшін түрлі көмектер көрсетеміз. Сондай-ақ, педагогикалық, техникалық т.б. мамандықтар бойынша бос орындар көп», – деді СҚО-ның Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Абдоллаев көпшілікпен болған кездесуде.
Теріскейдің өкілдері Мақтаарал ауданында 1000-нан аса аудан тұрғындарына ауыл шаруашылығы, педагогика, техника т.б. салалар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынып, «Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстік өңірлердің жоғары оқу орындарында грантпен оқи алатындығы жөнінде 200 жасқа түсіндіріп берді. Нәтижесінде, 97 мақтааралдық азамат отбасымен солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдіріп отыр.
Сарыағаштың халқымен өткен кездесу де өз жемісін берген. 500-ге жуық аудан тұрғынымен болған жәрмеңкеге 600-ден астам жұмыс беруші қатысып, 800-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Жиын нәтижесінде, сарыағаштық 124 отбасы Қостанай, Павлодар, СҚО және ШҚО-ға қоныс аударуға ниеттенді.
Еске салсақ, Сарыағаш ауданынан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы 12 отбасы, 2016 жылы 59 отбасы, жалпы 71 отбасы (306 жанұя мүшелерімен) қоныс аударды. Қоныс аударған азаматтар сол өңірлерден жеке тұрғын үй алып, отбасының жұмысқа жарамды азаматтары толығымен жұмыспен қамтылған.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда