• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әскери мектепте Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған алғашқы бал өтті

Әскери мектепте Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған алғашқы бал өтті

5 Сәуір, 2017 09:34
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған ұландардың алғашқы балы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 Бал Қазақстан тарихындағы ерекше дата, яғни, Қарулы Күштердің 25 жылдығына орайластырылғанын ескере отырып, әскери мектептің өміріндегі жарқын және көзтартарлық оқиғаға айналды.

 «Ұландарымыз әскери істе батыл әрі шебер ғана емес, сонымен бірге, нағыз әскерилер мен болашақ офицерлер ретінде биді де жақсы билейді», - деп Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник Атығай Балғабеков атап өтті.

 Би қойылымдарын ұландар мен Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің хореография бөлімінің студенттерінен құралған 30 жұп көрсетті. Бал қонақтары Қарулы Күштердің ардагерлері, сондай-ақ, әскери мектеп тәрбиеленушілерінің ата-аналары болды.

«Мен бұл іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл шара есімізде және мектебіміздің тарихында мәңгі бақи қалады», - деп балға қатысушылардың бірі ұлан Айбек Бейсембеков алған әсерімен бөлісті.

 

Барлық жаңалықтар