- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2020 жылы халық санағы жүргізіледі
Қазақстанда 2020 жылы халық санағы жүргізіледі
BNews.kz хабарлауынша, келелі отырыста «Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.
«Біз 2020 жылы келесі жаһандық раундты өткіземіз, 2018 жылы жоспарға сай еліміздің екі аймағында жаңа жүйе бойынша пилоттық халық санағын жүргізу қарастырылған, ал негізгі халық санағы Қазақстанда 2020 жылы болады», – деп мәлімдеді Н. Айдапкелов.
Оның айтуынша, пилоттық халық санағы Ақмола облысының Бурабай, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз аудандарында жүзеге асырылады.
Сала маманының мәлімдеуінше, халық санағы заманауи технологиялармен іске асырылса, ақпарат жинау барысында ақпараттық технологиялар пайдаланылады.
«30%-ын сауалнама арқылы жинасақ, ақпараттың 70%-ы планшеттер арқылы жинастырылады», – деп атап өтті ол.
Бұдан басқа, комитет төрағасының айтуынша, халық санағын жүргізу уәкілеттілігін ҚР Үкіметіне беру ұсынылды.
«Алғашқыда халық санағын жүргізу бойынша жоспар болды. Енді біз бұл уәкілеттілікті толығымен үкіметке бекітпекшіміз. Себебі бұл ұлттық халық санағы, яғни бұл жаһандық раунд», – деп толықтырды ол.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті