• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекітті

ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекітті

4 Сәуір, 2017 19:46
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ә.М. Мағауовтың төрағалығымен Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 1-ші отырысы өтті, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында әлеуметтік әріптестік Тараптарының 2016 жылғы есептері тыңдалды, сондай-ақ Салалық комиссияның 2017 жылға жұмысының негізгі бағыттары бекітілді және Салалық комиссия құрамына өзгеріс енгізілді.    

Сонымен қатар, еңбек заңнамасына сәйкес мамандардың біліктілік салыстырмалылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ біліктілікті тағайындау мен сәйкестіктігін растау жүйесі үшін негіз болып табылатын Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнайхимия салаларының салалық біліктілік шеңбері бекітілді.

Осы отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері, сондай-ақ мұнайгаз кәсіпорындарының өкілдері қатысты.     

Барлық жаңалықтар