• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың басында ауыл округтерінің әкімдері «ЖҚЖК-2020» білуі бойынша тестілеуден өтеді- ЕХӘҚМ

2014 жылдың басында ауыл округтерінің әкімдері «ЖҚЖК-2020» білуі бойынша тестілеуден өтеді- ЕХӘҚМ

19 Желтоқсан, 2013 11:35
2014 жылдың бірінші тоқсанында ауыл округтерінің әкімдері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» құралдары мен бағыттарын білуі бойынша тестілеуден өтеді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметі отырысында.

«Қазіргі уақытта Министрлік ауыл округтерінің әкімдерін және жұмыспен қамту орталықтарының жұмысшыларын оқыту жүргізілуде. Келесі жылдың бірінші тоқсанында бағдарламаны білуге қатысты байқама тестілеу өткізіледі», - деді Т. Дүйсенова. 

Министрдің айтуынша, оқыту үздіксіз жүргізіледі. Келесі жылы халықтың мақсатты топтарын оқыту жоспарлануда. 

Бұдан өзге, бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеуді жетілдіру жалғасады.

"Бұл еңбек нарығының бірыңғай базасын және жұмыспен қамтуға және ЖҚЖК жүзеге асыруға қатысты мамандандырылған порталдарды дамытуға байланысты, сондай-ақ жалпы халықтың жұмыспен қамту мәселелері, шарттары және бағдарламаға қатысудың артықшылықтары туралы хабардарлығын арттыруға қатысты", - деп қортындылады ведомство басшысы.

 

Барлық жаңалықтар