- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ тілінде 8 мың жаңа термин бекітілді
Қазақ тілінде 8 мың жаңа термин бекітілді
2016 жылы termincom.kz бірыңғай электрондық терминологиялық базасы іске қосылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, терминология комиссиясы көптеген терминдерді қарастырды. Кейбіреулері қоғамда келіспеушіліктер тудырады. Мысалға, фонтан, пианино, фортепиано, балкон сөздері ауызекі тілде «шаптырма», «бұрқақ», «су бұрқақ», «күй сандық», «қылтима» ретінде қолданылады.
«Біз оларды бекіткен жоқпыз. Сондықтан да аудармаларын емес, халықаралық атауларын пайдаланған жөн. Кезінде біреу осы сөздерді аударған, сөйтіп ол сөздер қоғамда орнығып қалған», - деді Ғ. Мелдешев.
Сондай-ақ, ол Республикалық терминологиялық комиссия мен Метрология және стандарттау жөніндегі ұлттық комитетке бірлесіп, барлық терминдерді бір стандартқа келтіру жұмыстарын атқаруы керектігін айтып өтті.
«Олардың ішінде ассимиляцияға ұшыраған сөздер бар, мысалға, самовар – самауыр, поезд – пойыз. Егер барлық тілдерден, әсіресе Батыстан еніп жатқан сөздерді аудармай қалдыра беретін болсақ, бірнеше жылдан кейін үлкен мәселеге ұрынарымыз сөзсіз. Біз қазақтардың мінезіне, діліне, қабылдау түсінігіне қарамастан, сөздерді шама келгенше аударуымыз керек. Мәселен, авария сөзін біз «апат» деп аударып жүрміз. Авария – зақым келтіру дегенді білдіретін араб сөзі. Сол себепті біз әр кез сайын сөздің түп-төркініне мән беріп, мағынасына сай аударма жасауымыз керек», - деді Ғ. Мелдешев.
Оның ойын Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешев толықтырып өтті.
«Қазақстанның терминологиялық қоры мемлекеттік тіл тіршілік әрекетінің барлық саласында белсенді түрде қолданыста болуы үшін ұлғайтылуы керек. Қытайдың әр саласында шамамен 50 мың термині бар. Қазақстанда терминологиялық ғылым жеткілікті түрде дамыған және өзге елдерден артта қалушылық байқалмайды. Ұлы әрі дарынды Ахмет Байтұрсыновтың бұл істің бастауында тұрғанының өзі аталған жұмыстың келешегінің зор екенін болжайды. Сонымен қоса, қазақ тілі өте бай тіл», - деді Е. Тілешев.
Primeminister.kz хабарлағандай, 2017 жылы termincom.kz сайтын жетілдіру жоспарда бар, сөздердің этимологиясы енгізіледі, ал ендігі терминдерді бекіту кезінде халықаралық тәжірибеге сүйенетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді