• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астаналық қонақ үй қызметкерлері шетел азаматтарын онлайн тіркеуді үйренді

Астаналық қонақ үй қызметкерлері шетел азаматтарын онлайн тіркеуді үйренді

4 Сәуір, 2017 16:07
«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы қонақүйлерінің басшылары мен әкімшілерін Визалық көші-қон порталын қолдану тәртібін оқыту жүзеге асырылды.

Астана қаласы әкімдігінің  ресми сайты хабарлағандай,кеңеске прокуратура, ІІД-нің Көші-қон қызметі басқармасы, ҚР ҰҚК қызметкерлері және қаладағы 35 қонақүй мен отель өкілдері қатысты.

Оқыту барысында ҰҚК қызметкерлері қонақүйлер мен отельдердің өкілдеріне Визалық көші-қон порталын қолдана отырып, шетел азаматтарын тіркеу бойынша толық түсіндіру жүмыстарын жүргізді.

«Визалық көші-қон порталы» кіші жүйесі көші-қон үдерісімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған.

ВКҚП жеке және заңды тұлғаларға қызметтерді ұсынады. Қазіргі уақытта ВКҚП жеке және заңды тұлғаларға ҚР аумағына жеке және туристік мақсатпен уақытша келетін шетел азаматтарын тіркеу үшін, ал шетел азаматтарына визалық сауалнаманы және көші-қон карточкасын толтыру және басып шығару үшін автоматтандырылған.

ВКҚП-да толыққанды жұмыс істеу үшін Java орнатылуы, сондай-ақ электрондық-сандық қолтаңба болуы керек. Шетел азаматы үшін ЭСҚ талап етілмейді. Қалада осы қызмет түрін 23 қонақүй белсене пайдаланады.

Барлық жаңалықтар