ЕЭК ЕАЭО аясында дәрі-дәрмек нарығын реттеудің ортақ шешімін ұсынды

4 Сәуір, 2017 17:36
ЕАЭО-ның ортақ дәрі-дәрмек нарығы қабылданған заңнамалық актілер негізінде бірыңғай реттеуді ғана емес, ортақ шешімдерді де қажет етеді, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Арман Шаққалиев «Мемлекеттік реттеу және ресейлік фармөндіріс 2017: ынтымақтастық жалғасы» конференциясында.

Конференция Еуразиялық экономикалық комиссияның семинарлары мен дөңгелек үстелдері желісінің алғашқысы болды. Олардың қорытындысы бойынша ортақ дәрі-дәрмек нарығын реттеудің ортақ шешімдері саласында құжаттар қабылданады. Жақын арада мұндай шаралар Қазақстан мен Белорусияда, 2017 жылдың ортасына қарай Армения мен Қырғызстанда өткізіледі.

«Одаққа мүше мемлекеттердің барлық мемлекеттік органдары бекітілген заңнамалық актілерді мақұлдап, сараптама жүргізу, зертханалық бағалау, дәрі-дәрмектерді сынақтардан өткізу сынды ортақ ережелерді қатаң ұстануы тиіс», – деп атап өтті А. Шаққалиев.

Жиын  барысында дәрілердің бағасын реттеудегі ортақ әдістер талқыланды. Дәрілік заттарды сәйкестендіргіш белгілермен таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосу мерзімі туралы да айтылды. Бұл тәжірибе дәрілік заттардың қозғалуын 2018 жылы бақылауға мүмкіндік берсе, 2019 жылы бұл процесс толығымен ашық жүргізілетін болады.

Барлық жаңалықтар