Қазақстанда үш тілді қатар меңгерген халықтың үлесі артты

4 Сәуір, 2017 11:38
2016 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 82,3%-ды, үш тілді меңгергендер саны 20,5% құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

««100 нақты қадам»– Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік бағдарламаға үш тілді білім беруді дамыту бойынша міндеттемелермен толықтырылды. Бағдарламада 12 көрсеткіш бойынша 9 индикаторға қол жеткізу қарастырылған. 2016 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 82,3%, сонымен қатар үш тілді меңгергендер саны 20,5% құрады», – деп ағынан жарылды А. Мұхамедиұлы.

Министр хабарлағандай, 2016 жылы мемқызметкерлердің үш тілді үйренуіне жағдай жасау мақсатында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен өзара сенім туралы меморандум жасалды. Оған сәйкес орталық басқару органдарының 300 қызметкері мемлекеттік тілді үйрену курстарымен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы қазақ және ағылшын тілдерін үйрету курстарына екі есе көп  азаматтарды тарту көзделген», – деді А. Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, елімізде мемлекеттік тілді меңгеру бойынша 87 аймақтық орталықтар бар.

«Тіл саясатын жүзеге асыру аймақтық тіл басқармалары мен орталықтарының жұмысымен байланысты. Тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмі ол насихаттау ғана емес, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерін үйрету. Жыл сайын елімізде үш тілде қатар білім алып келе жатқандар саны артуда», – деп түйді министр.

Қайрат Жандыбаев 

Барлық жаңалықтар