- Басты
- Жаңалықтар
- Көне Сарайшық қаласын қалпына келтіру үшін 100 млн теңге бөлінеді
Көне Сарайшық қаласын қалпына келтіру үшін 100 млн теңге бөлінеді
Келелі құжатқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қол қойды.
Тараптар тарихи-мәдени құндылықтар нысандары мен осы саладағы ғылыми зерттеулердің, оларды патриоттық тәрбие беру мақсатында және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыру жолында насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
Меморандум екі жақтың бірлескен тарихи-мәдени құндылықтар нысандарын пайдалану және сақтап қалу шараларын реттейтін болады.
Сонымен қоса, ведомство ғылыми талдамаларды, археологиялық зерттеулерді сақтау және қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруға, сондай-ақ ескерткіштерді қорғау бойынша ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі.
Екіжақты серіктестік мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Атырау облысының тарихи-мәдени құндылықтар нысандарын кешенді зерттеу, оның ішінде құрамына Сарайшық, Актобе-Лаэти, Ұшкан қалашықтары мен «Тас кешу» керуен сарайы кіретін «Хан ордалы Сарайшық» кешені; және оның негізінде туристік кластер құру.
«Тараптар Сарайшық қаласы учаскесінде Жайық өзенінің сағасын өзгертпестен ұзындығы 1500 метр жағаны бекітіп, нығайту жұмыстарын жүргізу туралы келісті. Ал, тікелей қайта қалпына келтіру жұмыстарына 100 млн теңге бөлінді», – делінген хабарламада.
Сарайшық қалашығының бірегей нысандарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тараптар ең аз уақытта тарихи ескерткіштердің шекарасы мен күзету аймақтарын белгілеу және аталмыш аймақты нақты белгілермен таңбалау бойынша бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісті.
Меморандум өз күшіне еніп, үш жыл бойы жұмыс істейтін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді