• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Әзербайжанның теміржол әкімшіліктері стратегиялық серіктестік туралы келісімге келді

Қазақстан мен Әзербайжанның теміржол әкімшіліктері стратегиялық серіктестік туралы келісімге келді

4 Сәуір, 2017 10:42
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары кезінде екі ел арасындағы логистика және теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту туралы Келісімге қол қойылды.

Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов қол қойды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлағандай, тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалы көлемін арттыруға мүдделі. 2020 жылдары тасымалдау көлемін 300 мың ЖФЭ-ке жеткізу жоспарланып отыр.

Келісім негізінде 2020 жылдарға дейін қазақстандық теміржол көлігі машиналарын жасау кәсіпорындарының 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі өнімін Әзербайжанға шығаруды жоспарлап отыр.

Бірлескен шаралар көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы Қазақстан мен Әзербайжан ғана емес өңірдегі көршілес мемлекеттердің де транзиттік жүк ағынын дамытуға ықпал етеді.


 

Барлық жаңалықтар