• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Әзербайжан кемежай инфрақұрылымы саласында бірлескен кәсіпорын құрады

Қазақстан мен Әзербайжан кемежай инфрақұрылымы саласында бірлескен кәсіпорын құрады

4 Сәуір, 2017 09:52
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары барысында «KTZ Express Shipping» ЖШС мен «ACSC logistics» ААҚ арасында «Ferry Express Logistics» бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі Құрылтайшылық келісімін жасады, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы» ЖАҚ төрағасы Рауф Велиев қол қойды.

«Ferry Express Logistics» бірлескен кәсіпорнын құру – екі ел арасындағы көлік және логистикалық қатынасты дамыту және Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бағдарының әлеуетін арттыруды көздейді.

Алдағы уақытта Құрық (Ақтау) – Алят (Баку) – Құрық (Ақтау) бағдарында теңіз арқылы паром жүргізу және құрғақ жүк тасымалын атқарудың коммерциялық операторы құрылады.

Бірлескен қызметтер Қазақтан мен Әзербайжанның және көршілес елдердің қатысуымен транзиттік жүктерді тасымалдауды арттыруға бағытталады.

Барлық жаңалықтар