Н.Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

3 Сәуір, 2017 20:48
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласына келді. Сапар барысында «Спортклуб Маңғыстау-Арена» көпфункционалды спорт кешеніне, Ақтау теңізінің солтүстік терминалына, «Азерсун» өндіріс және логистика орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бару көзделіп отыр.

Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен кездесу өткізуі жоспарланған.

 

Барлық жаңалықтар