- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Әзербайжанмен тауар айналымын 500 миллион долларға дейін ұлғайтуға мүдделі
Қазақстан Әзербайжанмен тауар айналымын 500 миллион долларға дейін ұлғайтуға мүдделі
Мемлекет басшысы кездесу барысында қарауға ұсынылған барлық мәселелердің талқыланғанын атап өтті.
«Біздің қарым-қатынасымыздың негізгі өзегін сауда-саттық құрайды. Ол басқа да бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі кездесу сауда айналымын ұлғайту қажеттігін айқындап берді. Өйткені, 140 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қазіргі көрсеткіш біздің мүддемізге сай келмейді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық байланыстар саласында пайдаланылмаған зор әлеует бар екеніне назар аударды.
«Елдеріміз мұны екіжақты сауданы одан әрі ұлғайту үшін пайдалануға тиіс. Қазақстан Әзербайжанға металлургия өнімін, экспортқа шығарылып жатқан локомотивтерді жеткізуге әзір. Әзербайжаннан келетін көкөніс көлемінің өзі бір жылда 12 есе өсті. Біз өзара келісіп, тауар айналымын таяу кезеңде 500 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайта аламыз», – деді Мемлекет басшысы.
Одан соң Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің көлік-транзит саласын дамытудың басымдығы бар бағыт екенін атап өтті.
«Қазақстанда Қытай шекарасынан Каспий теңізіне дейін ұзындығы 2000 шақырымдай болатын теміржол, сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы салынды. Олар өз нәтижесін бере бастады. Қазіргі уақытта жүктерді Қытай Халық Республикасынан Еуропаға Кавказ және Каспий теңізі арқылы жеткізу мәселесі туындап отыр. Бұл Әзербайжан үшін зор әлеуеттің бар екенін білдіреді», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы әлемдік нарықта екі ел де маңызды рөл ие болып отырған энергетика саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты бар екенін айтты.
«Біз мұнай және мұнай өнімдерін әлемдік нарықтарға, соның ішінде Әзербайжан аумағы арқылы да кідіріссіз жеткізуді қамтамасыз етуге мүдделіміз. Қазақстанда ірі жобаларды іске қосқанда біз құрал-жабдық өндірісі немесе өзге де өнімдер жергілікті жерде болу үшін қажетті жағдай жасауға тырысамыз. Осыған орай біз тиісті тәжірибе мен машық қалыптасқан салаларда бірлескен өндіріс кәсіпорындарын құру мүмкіндігін талқыладық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу кезінде Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері де әңгімеге арқау болғанын атап өтті.
«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан өңірлік проблемаларға көңіл аударады. Біздің ел Әзербайжан мен Армения жанжалына қатысты БҰҰ аясында қабылданған қарарларда қол жеткізілген келісімдерді ұстанады. Қазақстан барлық елмен достық қатынасты қолдайды және әрқашан дау-дамайдың бейбіт реттелгенін қалайды», – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы терроризммен күрес саласында өзара іс-қимыл орнату қажеттігіне тоқталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді