• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа енген өзгертулерді мақұлдады

ҚР Президенті Ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа енген өзгертулерді мақұлдады

3 Сәуір, 2017 19:46
Елбасы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №6, 56-құжат; 2009 ж., №33, 308-құжат; 2011 ж., № 60, 850-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

4-тармақ алып тасталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Барлық жаңалықтар