• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т. Дүйсенова: 13 мыңнан астам қазақстандық «ЖҚЖК-2020» екінші бағытының аясында кәсіпкерлерге айналды

Т. Дүйсенова: 13 мыңнан астам қазақстандық «ЖҚЖК-2020» екінші бағытының аясында кәсіпкерлерге айналды

19 Желтоқсан, 2013 11:27
«Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде екінші бағыт аясында жеке ісін дамытуға микронесиелер алған 13 мың адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

«Аталған бағыттың негізгі нәтижелерінің бірі Бағдарлама қатысушалары санынан микронесиелер алған 13 мыңнан астам адам салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені болып табылады, және олар тек өздері үшін ғана емес, сондай-ақ тартылған жұмысшылардың МЗС жүйелі түрде аударып тұрады», - деді Т. Дүйсенова. 

Барлығы, ведомство басшысының айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру кезінде микронесиелеумен 17,2 мың адам қамтылды, ауыл тұрғындарына басымдық берілді, ал микронесиелерге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 35,4 млрд теңгені құрады.

Осылайша, ҚР Еңбек министрлігінің мәліметінше, алынған қаражаттың жетпіс пайызға жуығы жеке ісін ашуға, қалғандары - бизнесті кеңейтуге пайдаланылды. Сондай-ақ, шағын бизнесті кеңейту есебінен өндірістік қызметке қосымша тағы 12,8 мың адам тартылды.

Жұмыспен қамтудың өңірлік құрылымына келсек, Т.Дүйсенованың мәліметінше, екінші бағыттағы қайта құрылған жұмыс орындарының 62,2 % Шығыс Қазақстан (25%), Батыс Қазақстан (17%) және Оңтүстік Қазақстан (20,2%) облыстарына, ал 37,8% қалған 11 өңірдің үлесіне тиесілі. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар