- Басты
- Жаңалықтар
- И.Әлиев Қазақстан халқын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады
И.Әлиев Қазақстан халқын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады
И.Әлиев қарым-қатынасымыздың берік негізі бар екенін, жүргізілген келіссөздер мен қол қойылған құжаттар соның дәлелі болып саналатынын айтты.
Әзербайжан көшбасшысы халықаралық аренада екі елдің өзара тиімді іс-қимыл орнатып отырғанын атап өтті.
«Халықаралық және өңірлік құрылымдар аясында саяси өзара іс-қимылдың белсенді дамып келе жатқаны байқалады. Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланумен тағы да құттықтаймын», – деді И.Әлиев.
Әзербайжан Президенті осы жолғы сапар аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барлық қыры жан-жақты талқыланғанын айтты.
«Жақын арада ведомствоаралық үкімет комиссиясы отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Елдеріміздің екіжақты тауар айналымы көлемін арттыруға мүмкіндік беретін экспорттық ұстанымдары талқыланатын болады. Әзербайжанның Қазақстан экономикасына немесе керісінше Қазақстанның Әзербайжанға салған инвестициясының өскені – қуантарлық жайт. Бұған екі тараптан да зор мүдделілік бар», – деді И.Әлиев.
Соңында Әзербайжан көшбасшысы екіжақты келіссөз барысында сауда-экономика, көлік және энергетика мәселелері жөніндегі талқылаулардың бәрі сындарлы сипатта болғанын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді